Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Молдова арасындағы ойынға кімдер қазылық етеді

Ұлттар лигасы: Қазақстан мен Молдова арасындағы ойынға кімдер қазылық етеді
Футбол

sport5.by

UEFA Ұлттар лигасы үшінші турындағы Қазақстан - Молдова кездесуінде қай елдің төрешілері қызмет атқаратыны белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz Informsports.kz-ке сілтеме жасап. 

Кездесу 2 қазанда елордадағы «Астана-Арена» стадионында Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.

Бұл ойынға румыниялық төрешілер бригадасы бекітілген.

Бас төреші - Мариан Барбу

Бас төрешінің көмекшілері: Мирча Григориу, Имре Бучи;

Төртінші төреші: Джордже Роман;

VAR: Адриан Кострейе;

VAR көмекшісі: Андрей Кивулете (барлығы– Румыния).

Қазірге дейін қазақстандық футболшылар Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түссе, Словакия,а 1:2 есебімен есе жіберді. Жалпы, қазақстандық футболшылар 2024/25 жылғы маусымда В лигасында үшінші топта алты кездесудің бесеуінде жеңіліп, біреуінде тең ойнады. Салдарынан өз тобында төртінші орынды місе тұтып, қайтадан С лигасына түсіп қалды. Екі құрама қазірге дейін жеті мәрте кездескен еді. Оның ішінде отандастарымыз төрт мәрте жеңіске жетіп, біреуінде тең түссе, қалғанында қарсыласына еес жіберді.

Еске салсақ, бұдан бұрын 2028 жылдан кейін UEFA Ұлттар лигасының форматы өзгереді. UEFA Атқарушы комитеті Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен отырысында ерлер арасындағы ұлттық құрамаларға арналған турнирлердің жаңа тұжырымдамасын мақұлдады. Ұлттар лигасы мен Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жаңартылған форматы 2028 жылғы құрлықтық додадан кейін енгізіледі.