Юлия Путинцева Гамбургтегі турнирдің екінші айналымына шықты
Теннис
sports.kz
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева Германияда өтіп жатқан WTA 250 Hamburg Open турнирін жеңіспен бастап, жарыстың екінші айналымына (1/8 финалға) жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жарыстың 7-ракеткасы болып бекітілген отандасымыз (79 WTA) алғашқы кездесуінде іріктеу кезеңінен өткен жергілікті теннисші, тәжірибелі Мона Бартельді (223 WTA) екі сетте 6:2, 7:6 (7:5) есебімен қапы қалдырды. Кездесу тартысты өтіп, 1 сағат 58 минутқа созылды.
Енді Юлия ширек финалға шығу үшін Аранча Рус (Нидерланды) және Элина Аванесян (Армения) арасындағы матчтың жеңімпазымен шеберлік байқасады.