Дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында ел қоржынына 9 медаль түсті

Дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында ел қоржынына 9 медаль түсті
Жекпе-жек

Olympic.kz

Қазақстан жастар құрамасы дзюдодан Макаода өткен Азия кубогында жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Bassport.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Аталған жарыста отандастарымыз үш алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Ерхан Мұрат (60 келіге дейін), Нұрлан Исатаев (66 келіге дейін), Архат Өтеген (90 келіге дейін) алтыннан алқа тақты. Абылай Алмабек (60 келіге дейін), Айымзада Думанқызы (78 келіден жоғары), Әлішер Слямжанова (90 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Жанаділ Абай (60 келіге дейін), Аниса Иботолла (70 келіге дейін), Али Тұрсынбек (90 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.