Оралда садақ атудан Қазақстан біріншілігі басталды
Басқа
ҰОК
Қазіргі таңда Оралда садақ атудан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарысқа еліміздің түрлі өңірлерінен 250-ден астам спортшы, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының мүшелері қатысуда. Чемпионаттың жүлделері ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында сарапқа салынады. Ең үздік мергендер халықаралық жарыстарда ел намысын қорғауға мүмкіндік алады.
Республикалық жарыс «Жастар» стадионында өтіп жатыр және 1 тамызда аяқталады.