Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогында жеңіске жетті
Басқа
ҰОК
Қазіргі таңда Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогы өтіп жатыр. Турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық сайыста жеңіске жетті, деп хабарлайды Bassport.kz ҰОК-ге сілтеме жасап.
Отандастарымыз финалда Бангладеш құрамасымен кездесіп, 230:224 есебімен басым түсті. Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Ислам Серікұлы өнер көрсетті.
Айта кетейік, Азия кубогы 29 қазанда аяқталады.