"Манчестер Юнайтед" - осы маусымдағы еурокубокта жеңілмеген жалғыз клуб

Футбол
Getty Images
2024/2025 жылғы маусымдағы Еуропа лигасының жартылай финалының қарымта матчында Бильбаоның «Атлетигін» 4:1 есебімен жеңгеннен кейін, «Манчестер Юнайтед» осы маусымдағы еурокубоктарда жеңілмеген жалғыз клуб болып қалды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Еуропа лигасының осы маусымында «қызыл сойқандар» 14 матч өткізіп, тоғыз жеңіске жетті және бес рет тең түсті.
«Атлетикке» қарсы кездесудегі жеңістің арқасында «Манчестер Юнайтед» Еуропа лигасының финалына шықты, онда Лондонның «Тоттенхэм» клубымен кездеседі. Бұл ойын 21 мамырда Бильбаодағы «Сан-Мамес Баррия» стадионында өтеді.
«Қызыл сойқандар» Еуропа лигасын соңғы рет 2017 жылы жеңіп алған. Ол финалда «Манчестер Юнайтед» «Аякс» клубын 2:0 есебімен ұтқан болатын.