"Тосын сый, ағаң оралды". Макгрегор ЖИ көмегімен өзін Рим Папасының кейпіне енді

Бокс
Жекпе-жек

Getty Images

Жеңіл (66 кг дейінгі) және жартылай жеңіл (70 кг дейінгі) салмақтағы UFC екі дүркін экc-чемпионы ирландиялық файтер Конор Макгрегор өзін ЖИ көмегімен пантификтің рөліне енгізіп, Рим Папасының кейпіне енген суретін әлеуметтік желісіндегі парақшасына салды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

«Тосын сый, тосын сый! Патша оралды», — деген жазумен Макгрегор суретті, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады.

Естеріңізге сала кетсек, америка-перуандық кардинал Роберт Прево жаңа Рим Папасы атанды. Ол өзіне Арыстан XIV атын алды. 

Қазір Конордың жасы 36-да. Ирландиялық 2021 шілде айынан бері UFC 264 турнирінде UFC жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық титулдың бұрынғы жеңімпазы американдық Дастин Порьеден техникалық нокаутпен жеңілгеннен кейін (аяқ жарақаты) аралас жекпе-жек ережесі бойынша төбелеске қатысқан жоқ. Конордың кәсіпқой мансабында 28 кездесу өткізіп, 22 рет жеңсе, қалған 6 кездесуде жеңіліске ұшыраған.