Канело тарихтағы ТОП 5 боксшыны атады

Канело тарихтағы ТОП 5 боксшыны атады
Бокс

Olympics.com

Екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес өзінің ойынша тарихтағы ең үздік бес боксшыны атады, деп жазады Bassport.kz Vesti.kz сілтеме жасап.  

Канелоның тізімінде бірінші орында аты аңызға айналған Мұхаммед Әли тұр. Ол тек рингте ғана емес, бүкіл қоғамдастықта өз ізін қалдырған тұлға. Екінші орынға Шугар Рэй Леонард лайық деп танылған — бес салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған ол, 1977 мен 1997 жылдар аралығында өнер көрсетті.

Үшінші болып тізімге Шугар Рэй Робинсон енген. 200-ге жуық жекпе-жек өткізіп, 100-ден астамын нокаутпен аяқтаған. Төртінші орында — Канелоның бұрынғы қарсыласы, рингтен жеңілмей кеткен Флойд Мейвезер. Ал үздік бестік Марвин Хаглермен түйінделген — 62 жеңістің 52-сін нокаутпен аяқтаған.