Левандовски "Интерге" қарсы ойынның тізіміне енді. Бальде ойынға қатыспайды

Левандовски
Футбол

Gettyimages.ru © David Ramos

Каталондық "Барселонаның" УЕФА Чемпиондар Лигасының жауапты ойынға шақыртылған футболшылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

Роберт Левандовски «Барселонаның» «Интерге» қарсы ойынына қосылғандар тізіміне енді.

Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы жауапты матч 6 мамыр күні Италияда өтеді.

36 жастағы шабуылшы алғашқы кездесуді (3:3) жамбасындағы жарақатына байланысты жіберіп алған еді. Оның қалпына келу процесі жоспардан жылдамырақ жүріп, ол матчқа қатысуға дайын екені хабарланды.

Ал каталондық клубтың қорғаушысы Алекс Бальде жарақатынан толық айығып үлгермегендіктен, «Барселонаның» бұл ойындағы құрамына енген жоқ.