Неге Абиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева Grand Slam-ге қатыспайды?

Неге Абиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаева Grand Slam-ге қатыспайды?
Дзюдо

Әлеуметтік желі

9–11 мамыр күндері Астанада өтетін дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam 2025 турниріне қатысатын қазақстандық спортшылардың құрамы белгілі болды.  

Алайда жанкүйерлер бұл тізімнен ұлттық құраманың көшбасшылары – Абиба Абужақынова мен Ғалия Тынбаеваны таппады.

Белгілі болғандай, бұл шешімді Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы қабылдаған. Абиба мен Ғалия қазір әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалып жатыр. Сондықтан олар Grand Slam турниріне қатыспайды.

Айта кетейік, Qazaqstan Barysy Grand Slam – Халықаралық дзюдо федерациясының күнтізбесіне енген беделді дода. Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтетін турнирге 48 елден 400-ден астам спортшы қатысады. Көрермендер үшін кіру тегін.