Мейірім Нұрсұлтанов Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді (ВИДЕО)

Бокс
Main Events
Орта салмақта өнер көрсететін жеңілмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) Жәнібек Әлімханұлымен (17-0, 12 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Bassport.kz хабарлады.
«Біз бәріміз чемпион болу үшін жүрміз. Егер қарсыласым Әлімханұлы болып қалса, оған да дайынмын. Абсолют чемпион атағына жол ашатын мүмкіндік болса, неге жұдырықтаспасқа? Бұл – қазақ боксының деңгейінің көтерілгені», – деді Нурсултанов YouTube-тегі «Бірінші Бол» арнасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Нұрсұлтанов қазіргі таңда WBC тұжырымы бойынша чемпион Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізуге міндеттелген. Сол жекпе-жектен кейін ол әлем чемпионы атанса, Әлімханұлымен кездесу «абсолют» атағына жол ашпақ.
Нұрсұлтанов бұл жекпе-жекті Қазақстанда өткізгісі келетінін де жасырмады.