4 миллиард теңге бір раундқа: Канелоның қанша табатыны белгілі болды

СЭ
Екінші орта салмақта абсолютті әлем чемпионы мексикалық Сауль «Канело» Альварес (62-2-2, 39 KO) пен Saudi Arabia-ның ірі жобасы Riyadh Season арасындағы келісімшарттың қаржылық мәселесі белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Championat.com дерегі бойынша, Канело мен Riyadh Season арасындағы келісімнің жалпы сомасы — 400 миллион доллар. Бұл сома толық кепілді, яғни билеттер сатылымы, трансляциялар, мерчандайзинг немесе жарнамалық табыстарға мүлде тәуелді емес.
Осылайша, Канело рингтегі әр минутына 200 мың доллардан аса табыс табады, ал әр раундқа — 8,33 миллион доллар (шамамен 4,2 миллиард теңге) келеді.
Канело келесі жекпе-жегін жартылай орта салмақтың ұзақ уақыт бойғы чемпионы Теренс Кроуфордқа қарсы өткізеді деп күтілуде. Инсайдерлік ақпаратқа сүйенсек, Альварес бұл кездесу үшін 150 миллион доллар алады, ал Кроуфорд — 50 миллион.
Аса күтулі бұл шайқас 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді. Тағы екі жекпе-жек 2026 жылдың ақпаны мен қазанына жоспарланған.