Зарина Диас Фукуокадағы турнирдің ширек финалына шықты

Зарина Диас Фукуокадағы турнирдің ширек финалына шықты
Теннис

ҰОК

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Турнирдің екінші айналымында ол жергілікті теннисші Рика Кикаваданы сенімді түрде ұтты. Кездесу небәрі екі сетке созылып, Диас қарсыласына бір гейм де бермей, 6:0, 6:0 есебімен айқын басымдық танытты.

Ширек финалда Зарина Аустралия өкілі Лизетт Кабрерамен кездеседі. Бұл матч қазақстандық спортшы үшін жартылай финал жолдамасына басты сын болмақ.