Асу Алмабаев өзбекстандық ТОП қарсыласымен жекпе-жекке шығады

Жекпе-жек
Әлеуметтік желі
Қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың (21-3) келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
31 жастағы Алмабаев 26 шілдеде Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін UFC on ABC 9 турнирінде октагонға оралады. Оның қарсыласы - Өзбекстан өкілі Рамазан Темиров (19-3), деп жазады «Спорт Шредингера».
Айта кетейік, Асу соңғы жекпе-жегін биыл наурыз айында Лас-Вегаста өткізіп, португалиялық-анголалық Мануэл Капеге (21-7) мерзімінен бұрын жеңілген болатын.