Чемпиондар лигасының финалистері анықталды: матч қашан және кімдер ойнайды

Футбол
2024/2025 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының финалистері белгілі болды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Жартылай финалда миландық «Интер» каталониялық «Барселонаны» аса тартысты екі матч нәтижесінде жеңіп шықты - (3:3, 4:3). Ал француздық ПСЖ Лондонның «Арсеналын» артта қалдырды - (1:0, 2:1).
Осылайша, Чемпиондар лигасының финалында Италия мен Францияның үздік клубтары - «Интер» мен ПСЖ жолығады.
Чемпиондар лигасы. Финал. 2024/25 маусымы:
Қарсыластар: «Интер» (Италия) – ПСЖ (Франция)
Өтетін орны: «Альянц Арена», Мюнхен (Германия)
Күні: 1 маусым 00:00
Бұл финал - «Интер» үшін тарихтағы жетінші мәрте, ал ПСЖ үшін - екінші финал болмақ.