Ямаль “Барселонаның” жеңілісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады

Ямаль “Барселонаның” жеңілісінен кейін маңызды мәлімдеме жасады
Футбол

LiveResult

“Барселона” Чемпиондар лигасының жартылай финалынан шығып қалды. Миланда өткен қарымта матчта “Интерге” 3:4 есебімен есе жіберген каталондықтар турнирмен қоштасты. Бұл туралы Bassport.kz хабарлады.

Ойыннан кейін “Барса” сапындағы 17 жастағы вундеркинд Ламин Ямаль жанкүйерлерге үндеу жасады. Ол өз сөзінде команда жеңіліске қарамастан, мақсатынан таймайтынын мәлімдеді:

“Біз бар күшімізді салдық, бірақ қайта ораламыз. Чемпиондар кубогын Барселонаға әкелемін деп уәде беремін. Сол мақсатқа жеткенше тоқтамаймыз!” — деді Ямаль журналист Фабрицио Романоға берген пікірінде.

Айта кетейік, “Барселона” ЧЛ финалына қатарынан 10 маусым бойы шыға алмай келеді. Соңғы рет 2014/15 жылғы маусымда финалға жетіп, “Ювентусты” 3:1 есебімен жеңіп, кубокты иеленген болатын.