Магомед Адиев Қазақстан Ұлттық құрамасындағы жұмысын бағалап, қайта оралу мүмкіндігі жайлы айтты

Магомед Адиев Қазақстан құрамасындағы жұмысын бағалады, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
Магомед Адиев «РБ Спорт» басылымына берген сұхбатында Қазақстан құрамасындағы жұмысын бағалап өтті.
Адиевтің айтуынша, Қазақстан жанкүйерлері ұлттық құраманың нәтижелері үшін оған алғыс білдірген.
— Қазір Қазақстан құрамасын қадағалап жүрсіз бе?
— Қазіргі уақытта жоқ, себебі өз жұмысыммен айналысып жатырмын — тіпті Ресей чемпионатының көптеген ойындарын да көрмеймін, еуропалық футболды да солай.
— Сіздің кезеңіңіз Қазақстан құрамасы үшін соңғы уақытта ең сәтті кезең болды деп айтуға бола ма?
— Бұл жайлы нәтиже өзі айтып тұр.
— Жалпы, Қазақстандағы жұмысыңызға көңіліңіз тола ма?
— Менің ойымша, жаман жұмыс атқарған жоқпыз. Адамдар алғысын білдірді, демек бәрі дұрыс жасалды. Өйткені жанкүйер — атқарылған жұмыстың сапасын бағалаудағы басты өлшем.
— Болашақта Қазақстан құрамасын қайта жаттықтыруыңыз мүмкін бе?
— Бұл әбден мүмкін. Маған бұрынғыға қарағанда оңайырақ болар еді, өйткені ұлттық құрамамен жұмыс істеу тәжірибем бар. Бірақ қазір барлық ойым мен назарам қазіргі жұмыс орнымда — РПЛ-дегі «Химкидің» алдағы матчтарына бағытталған. Ал қалғанын уақыт көрсетер, — деді Адиев.
Еске сала кетейік, Магомед Адиев 2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстан құрамасының бас бапкері болды. Евро-2024 іріктеу турнирінде команда өз тобында төртінші орын алып, плей-офф кезеңіне шықты. Алайда жартылай финалда Грекияға 0:5 есебімен жеңіліп, Еуропа чемпионатына жолдама ала алмады. 2024 жылдың 31 мамырында Адиев отбасылық жағдайларға байланысты қызметінен кеткенін мәлімдеді.
Қазір Магомед Адиев Мәскеу маңындағы «Химки» командасының бас бапкерінің міндетін атқарушы болып қызмет етеді.