“Реал Мадрид” аңызы мас күйінде көзге түсіп, жанкүйерлердің сынына ұшырады (ВИДЕО)

“Реал Мадрид” аңызы мас күйінде көзге түсіп, жанкүйерлердің сынына ұшырады (ВИДЕО)
Футбол

Real Madrid

Бразилия құрамасының және “Реал Мадрид” клубының экс-шабуылшысы Роналдо Мадридтегі мейрамханадан мас күйінде шыққан сәті бейнеленген видео әлеуметтік желілерде тарап кетті. Бұл жағдай оның иелігіндегі “Вальядолид” клубының ауыр маусымынан кейін орын алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

3 мамыр күні “Вальядолид” Ла Лига аясындағы ойында “Барселонадан” 1:2 есебімен жеңіліп, қатарынан сегізінші рет жеңіліске ұшырады. Бұл – клуб тарихындағы бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Маусым қорытындысы бойынша команда турнир кестесінің соңғы сатысында қалып, Сегундаға қайта түсетін болды.

Роналдо 2018 жылы “Вальядолидті” сатып алған. Содан бері команда үш рет Примерадан түсіп қалған. Қазір жанкүйерлер клуб басшылығын ауыстыруды талап етіп жатыр. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін сын күшейе түсті.