Сеулдегі Гран-при: Қазақстандық семсерлесушілер жүлдесіз қалды

Басқа
ҰОК
Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында қылышпен семсерлесуден өткен Гран-при турнирінде Қазақстан құрамасы жүлделі орындарға қол жеткізе алмады.
Аса ірі халықаралық жарыста еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы бақ сынады. Ерлер арасындағы ең үздік нәтижені Артём Саркисян көрсетіп, 24-орынға ие болды. Сондай-ақ Бақдәулет Құралбекұлы - 55-ші, Жанат Нәбиев - 92-ші, Назарбай Саттархан - 137-ші, Қуаныш Ерғашбай - 161-ші орынмен шектелді.
Әйелдер арасында Әйгерім Сарыбай 60-орынға табан тіресе, Татьяна Приходько - 78-орын, Анастасия Гулик - 97-орын, Карина Доспай - 99-орын, ал Диляра Исабекова - 136-орынға ие болды.