Қазақ боксшысы әлем чемпионы атағы үшін қашан жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

Бокс
Әлеуметтік желі
Орта салмақта (72,6 кг дейін) WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғауы тиіс Доминикан Республикасының боксшысы Карлос Адамес (24-1-1, 18 KO) қазақстандық үміткер Мейірім Нұрсұлтановпен (20-0, 11 KO) жекпе-жекке шығуы керек. Бұл туралы Bassport.kz сайты vRINGe.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған жекпе-жек туралы шешімді WBC ұйымы ақпан айының соңында, Адаместің британдық Хамза Ширазбен өткізген тең аяқталған жекпе-жегінен кейін қабылдаған болатын. Чемпион мен үміткер тараптарына келісімге келу үшін 6 мамырға дейін уақыт берілді.
Қазіргі болжам бойынша, тараптар ортақ келісімге келіп, жекпе-жек Premier Boxing Champions ұйымының жазғы шоуларының бірінде өтеді деп күтілуде.