Криштиану Роналдудың баласы Португалия құрамасына шақыртылды

Криштиану Роналдудың баласы Португалия құрамасына шақыртылды
Футбол

Getty Images

"Әл-Наср" шабуылшысы және капитаны Криштиану Роналдудың ұлы Хорватияда өтетін халықаралық жарысқа қатысу үшін, Португалия (U-15) құрамасына шақырту алды, деп хабарлайды Bassport.kz сайты Сhampionat.com сайтына сілтеме жасай отырып.

Кіші Криштиану мансабындағы бұл алғашқы шақырту.

Ересектер арасындағы Португалия құрамасы Жапония, Грекия және Англия секілді өз қатарластарымен ойнамақшы. Кіші Криштиану "Әл-Насрдың" балалар командасында ойнайды. Осыған дейін ол "Посуэло", "Ювентус" және "Реалдың" академиясында ойнаған.

Криштиану Роналду 2023 жылдан бері "Әл-Наср" сапында доп тебеді. Сауд Арабиясында дейін тәжірибелі футболшы "Ювентус", "Манчестер Юнайтед", мадридтік "Реал" және лиссабондық "Спортингта" ойнаған.