«Барселона» клубының вингері Рафинья «Реал» ойыншысы туралы: «Оны жеткілікті бағаламайды»

Футбол
"Барселона" ФК
«Барселона» мен Бразилия құрамасының шабуылшысы Рафинья мадридтік «Реал» командасының вингері Родриго жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.
«Мен үшін Родриго – керемет ойыншы, теңдессіз феномен. Бұл мен көрген ең мықты футболшылардың бірі. Оны тиісінше бағаламайды, және бұл – меніңше, әділетсіздік», – дейді Рафиньяның сөзін келтірген Madrid Universal.
Биылғы маусымда Родриго барлық турнирлерде 50 матчқа қатысып, 13 гол соғып, 10 нәтижелі пас берген. Футболшының клубпен қазіргі келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, оның нарықтық құны – 100 миллион еуро.