ПСЖ Чемпиондар лигасының финалында «Интерді» тас-талқан етіп, алғаш рет кубок иегері атанды

ПСЖ Чемпиондар лигасының финалында «Интерді» тас-талқан етіп, алғаш рет кубок иегері атанды
Футбол

Instagram

Германияның Мюнхен қаласындағы әйгілі «Альянц Арена» стадионында UEFA Чемпиондар лигасының финалдық кездесуі өтті.

Аталмыш ойында Францияның ПСЖ клубы мен Италияның «Интер» командасы жасыл алаңда жолығып, париждіктер қарсыласын ірі есеппен - 5:0 есебімен жеңіп шықты.

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ басымдықты қолға алған ПСЖ құрамындағы Ашраф Хакими 12-минутта есеп ашса, одан кейін Дезире Дуэ дубль жасап, 20-минут пен 63-минутта екі мәрте допты торға тоғытты. Оған қоса, Хвича Кварацхелия 73-минутта ерекшеленсе, Сенни Меюлю 87-минутта қорытынды нүкте қойды.

Осылайша, ПСЖ өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, Еуропа футболында жаңа белеске көтерілді.