Роналду: Мен бұрын іс-шараларда Месссиге ағылшын тілінен аударып беретінмін. Себебі ол ағылшын тілін дұрыс білмейтін

Роналду: Мен бұрын іс-шараларда Месссиге ағылшын тілінен аударып беретінмін. Себебі ол ағылшын тілін дұрыс білмейтін
Футбол

Getty Images

Мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысы Криштиану Роналду «Барселонаның» экс-футболшысы Лионель Мессиге деген көзқарасы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bassport.kz сайты.

«Әрине, мен Лео Мессиге құрметпен қараймын. Біз 15 жылдан бері бір сахнада келеміз. Мерекелік іс-шараларда мен оған ағылшын тілінен аударып жүретінмін, өйткені ол ағылшынша нашар сөйлейтін. Ол әрдайым маған жақсы қарады және мені сыйлады», — деді Роналду баспасөз мәслихатында.
Кәсіби мансабында Роналду бес рет «Алтын доп» жүлдесін иеленген, ал Месси бұл марапатты сегіз рет жеңіп алған. Португалиялық шабуылшы «Реал» сапында 2009 жылдан 2018 жылға дейін ойнады. Ал аргентиналық футболшы «Барселона» жүйесінде 2000 жылдан 2021 жылға дейін болды.