Конор Макгрегор түнгі клубта ер адамды ұрып құлатты (ВИДЕО)

Жекпе-жек
UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегор Ибицадағы түнгі клубтардың бірінде жанжалға ілігіп, ер адамға жұдырық жұмсады, деп хабарлайды Bassport.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.
Оқиғаның видеосы британдық The Sun таблоидының қолына түскен. Кадрларда Макгрегор Ибица аралындағы атақты Pacha түнгі клубында би алаңының жиегінде тұрып, екі соққымен ер адамады жерге құлатқаны анық көрінеді.
Макгрегор бұл әрекеттен кейін өзінің оққағарларымен қоршалып, оқиғаны сырттай бақылап тұрады, ал клубтың өзге қонақтары болған жағдайға таңдана қарайды. Зардап шеккен адамды оқиға орнынан алып шыққан.