«Ордабасының» Конференциялар лигасының келесі кезеңіне өту шарты айтылды

«Ордабасының» Конференциялар лигасының келесі кезеңіне өту шарты айтылды
Футбол

"Ордабасы" ФК

Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев шымкенттік «Ордабасы» мен грузиялық «Торпедо» арасындағы Конференциялар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі тартыс жайлы Bassport.kz сайтына пікір білдірді.Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Павел Евтеев шымкенттік «Ордабасы» мен грузиялық «Торпедо» арасындағы Конференциялар лигасының алғашқы іріктеу кезеңіндегі тартыс жайлы Bassport.kz сайтына пікір білдірді.

— Қарсыластар бір-біріне жақсы таныс. «Ордабасы» кутаисилік «Торпедомен» ойнаған сәтті тәжірибеге ие. Әрине, қазіргі таңда бұл — мүлде басқа командалар, бірақ шымкенттіктердің бұл екі матчтан тұратын кездесуде жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі жаман емес. Алайда бұл үшін бар күш-жігерін салып, ойындарға барынша жақсы формада шығуы қажет, — деді маман.— Қарсыластар бір-біріне жақсы таныс. «Ордабасы» кутаисилік «Торпедомен» ойнаған сәтті тәжірибеге ие. Әрине, қазіргі таңда бұл — мүлде басқа командалар, бірақ шымкенттіктердің бұл екі матчтан тұратын кездесуде жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтуге мүмкіндігі жаман емес. Алайда бұл үшін бар күш-жігерін салып, ойындарға барынша жақсы формада шығуы қажет, — деді маман.
Айта кетейік, матчтар 10 және 17 шілде күндері өтеді.

Еске салсақ, өткен маусымда «Ордабасы» Еурокубоктық жолын Чемпиондар лигасынан бастап, алғашқы іріктеу кезеңінде күтпеген жерден молдовалық «Петрокубтан» (қос матч қорытындысы бойынша — 0:1) ұтылып, Конференциялар лигасына ауысқан еді. Бұл турнирдің екінші кезеңінде қазақстандық клуб люксембургтік «Дифферданжды» (4:4, пенальти — 4:3) жеңіп, үшінші кезеңде армяндық «Пюникке» (0:2) жол берген болатын.