Серік Теміржанов әлем кубогындағы жорығын ширек финалда аяқтады

Бокс
Prosports.kz
Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing әлем кубогында Қазақстан тағы бір үмітінен айырылды.
60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Серік Теміржанов жарыстың ширек финалында жапониялық Сунсукэ Китамотомен қолғап түйістірді. Кездесу өте тартысты өткенмен, төрешілер жекпе-жекті бөлек шешіммен жапон спортшысының пайдасына бағалады. Осылайша, Сунсукэ Китамото турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізді. Ал Серік Теміржанов жарысты жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, ол — 2021 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.