World Boxing Cup: 14 қазақстандық боксшы финал жолдамасы үшін шаршы алаңға шығады

World Boxing Cup: 14 қазақстандық боксшы финал жолдамасы үшін шаршы алаңға шығады
Бокс

Sarbaz.kz

Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing әлем кубогында жартылай финалдық кездесулер жалғасуда. Бүгін Қазақстан құрамасынан 14 спортшы финалға берілетін жолдама үшін жекпе-жекке шығады.

Күндізгі сессия (14:00):

• 48 кг: Назым Қызайбай – Хикару Шинохара (Жапония)

• 60 кг: Санжу Санжу (Үндістан) – Виктория Графеева

• 70 кг: Наталья Богданова – Патрисиа Мбата (Нигерия)

• 50 кг: Санжар Тәшкенбай – Субхан Маммадов (Әзірбайжан)

• 80 кг: Мерт Айбуга (Түркия) – Нұрбек Оралбай

• 85 кг: Бекзад Нұрдәулетов – Самет Ерсой (Түркия)

Кешкі сессия (19:00):

• 51 кг: Каролин Барбоса Де Алмейда (Бразилия) – Алуа Балқыбекова

• 57 кг: Жасмин Жасмин (Үндістан) – Айдана Забынбекова

• 65 кг: Бусиназ Сурменели (Түркия) – Аида Әбікеева

• 75 кг: Надежда Рябец – Бусра Исилдар (Түркия)

• 55 кг: Махмұд Сабырхан – Ясен Радев (Болгария)

• 65 кг: Ертуған Зейнуллинов – Абхинаш Жамвал (Үндістан)

• 75 кг: Нихил Дубей (Үндістан) – Сабыржан Аққалықов

• +90 кг: Махаммад Абдуллаев (Әзірбайжан) – Айбек Оралбай

Өтетін орны: Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы (кіру тегін)

Көрсетілім: «Qazsport» телеарнасының YouTube арнасы арқылы тікелей эфирде.

Жанкүйерлерге сәттілік тілейміз! Боксшыларымыздың жеңісті жекпе-жектеріне куә болыңыздар.