Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды

Нұрбек Оралбай финалға жолдама алды
Бокс

Ulyssport.kz

Астанада өтіп жатқан World Boxing әлем кубогында 80 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан Нұрбек Оралбай жартылай финалдық жекпе-жекті қарсыласы Мерт Айбуганың (Түркия) жекпе-жектен бас тартуына байланысты өткізбейтін болды. Бұл туралы Bassport.kz хабарлайды.

Осылайша, Олимпиада-2024-тің күміс жүлдегері, 2023 жылғы әлем чемпионы Оралбай жарыстың финалына автоматты түрде өтті. Ол енді алтын медаль үшін таласады. Ал Мерт Айбуга турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Нұрбек Оралбай бұған дейінгі кезеңдерде әзірбайжандық Мурад Аллахвердиев пен үндістандық Лакшья Чахарды жеңген болатын.

Финалдық жекпе-жек жанкүйерлер назарына ұсынылатын басты бәсекелердің бірі болмақ.