Наталья Богданова финалда: Қазақстандық боксшы кезекті қарсыласын айқын жеңді

Наталья Богданова финалда: Қазақстандық боксшы кезекті қарсыласын айқын жеңді
Бокс

olympic.kz

Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing әлем кубогында қазақстандық спортшы Наталья Богданова финалға жолдама алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Жартылай финалда 70 келі салмақ дәрежесінде Богданова Нигерия өкілі Патрисия Мбатамен қолғап түйістіріп, кездесуді төрешілердің бірауызды шешімімен өз пайдасына аяқтады.

Осы жеңіс арқылы Наталья турнирдің финалына өтіп, алтын медаль үшін таласатын болады. Патрисия Мбата жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, Богданова — 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері. Астанадағы Кубок жолындағы жарыста ол бұған дейін Үндістан өкілі Санамачу Чану Токчом мен Бразилия спортшысы Барбара Марию дос Сантосты да айқын жеңіп, жоғары дайындық деңгейін көрсеткен болатын.