Азиада-2026 жазғы ойындарының спорттық бағдарламасы бекітілді

Cybersport.ru
2026 жылғы жазғы Азия ойындарының ресми бағдарламасы бекітілді. Бұл туралы Bassport.kz Халықаралық Олимпиада комитетінің Қазақстандағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Азия Олимпиада кеңесінің атқарушы комитеті онлайн форматта өткен отырыста Айчи мен Нагоя (Жапония) қалаларында өтетін 20-шы Азиаданың спорттық бағдарламасын бірауыздан мақұлдады. Жарыстар 2026 жылғы 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді.
Бағдарламада 41 спорт түрінен 68 дисциплина қамтылған. Спортшылар 460 медаль жиынтығын сарапқа салады. Оның ішінде:
• Ерлер арасында – 217,
• Әйелдер арасында – 204,
• Аралас жарыстар бойынша – 39.
Спорт түрлерінің ішінде олимпиадалық (жеңіл атлетика, жүзу, футбол, теннис) және аймақ үшін дәстүрлі немесе жаңа пәндер, мысалы, киберспорт, брейк, сепак такрав, ушу және кабадди бар. Сонымен қатар, бағдарламада бокс, дзюдо, регби-7, ауыр атлетика, заманауи бессайыс, семсерлесу, скейтборд, ескек есу, желкенді спорт және жекпе-жек (джиу-джитсу, кураш, ММА) сияқты спорт түрлері көрсетіледі.
Айта кетейік, Жапония Азиаданы тарихта үшінші рет қабылдайды. Бұған дейін бұл ел 1958 жылы Токиода, 1994 жылы Хиросимада құрлықтық ойындарға үй иелік еткен болатын.