Нұралы Әліп «Зенит» тарихына еніп, өзінің ізін қалдырды

Нұралы Әліп «Зенит» тарихына еніп, өзінің ізін қалдырды
Футбол

Sportbox

Санкт-Петербургтің «Зенит» футбол клубы Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп туралы арнайы жазба жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

«Зенит» клубының Instagram парақшасында:

«Зенит» тарихындағы алғашқы қазақстандық капитан» — деп жазылды.

Ресей Кубогының топтық кезеңінің алғашқы турында «Газпром Аренада» өткен кездесуде петербургтік клуб өз алаңында Шешенстанның «Ахмат» командасын 2:1 есебімен жеңді. Осы ойында Нұралы Әліп алғаш рет командасын капитан ретінде алаңға бастап шықты.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында бастапқы құрамда Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсетті.

Нұралы Әліп «Зенитке» 2022 жылы алматылық «Қайраттан» ауысып келген болатын. Сол уақыттан бері ол:

• Ресейдің үш дүркін чемпионы,

• Кубок иегері,

• Үш мәрте Суперкубок жеңімпазы атанды.

Осылайша, Нұралы тек клубтың ғана емес, қазақстандық футбол тарихында да елеулі із қалдырды.