UFC Шара Буллеттің жекпе-жегін маусым айының ең үздік шайқасы деп таныды

UFC Шара Буллеттің жекпе-жегін маусым айының ең үздік шайқасы деп таныды
Жекпе-жек

Газета.Ру

Дағыстандық қазақ Шарабутдин Магомедов (Шара Буллет) UFC ұйымынан жағымды жаңалық алды. Bassport.kz хабарлағандай, оның Марк-Андре Барриоға қарсы айқасы маусым айындағы ең тартысты жекпе-жек ретінде танылды.

Аталған кездесу 29 маусым күні Лас-Вегаста өткен UFC 303 турнирінде ұйымдастырылды. Үш раундқа созылған шайқас Шараның бірауыздан қабылданған төрешілер шешімімен жеңісімен аяқталды. Бұл оның UFC-дегі екінші жеңісі болды.

Канада атынан сынға түсетін Баррио үшін бұл ұйымдағы 10-шы жекпе-жек еді.

Магомедов қазіргі таңда UFC аясында алты кездесу өткізген. Оның төртеуі жеңіспен аяқталған. Ең жарқын жеңістерінің бірі — UFC 308 турнирінде Армен Петросянды қосарланған бэкфистпен нокаутқа түсіруі.

2025 жылдың 1 ақпанында ол Майкл Пейджге есе жіберген болатын.

Айта кетейік, Шараның Қазақстанда танымалдылығы өте жоғары. Алматы қаласында өзінің залы да бар. Сол себепті оған «дағыстандық қазақ» деген бейресми лақап ат берілген.