«Барыс» хоккей клубының бас бапкері туралы мәселесі 4 тамызда шешіледі

«Барыс» хоккей клубының бас бапкері туралы мәселесі 4 тамызда шешіледі
Хоккей

Tengri Sport

Астаналық «Барыс» хоккей клубының бас бапкеріне қатысты түпкілікті шешімнің қабылдану мерзімі белгілі болды. Бұл туралы Bassport.kz «Головой Об Лед» Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін негізгі құрам ойыншылары мұзға шығып, жаттығу өткізді. Алайда жаттығуды көпшіліктің күткені Михаил Кравец емес, бас бапкердің міндетін атқарушы ретінде тағайындалған Евгений Королев жүргізді.

Сондай-ақ жаттығуда команда бапкерлерінің бірі Ерлан Сағымбаев болмады. Бұған дейін хабарланғандай, бұл маман ұжымнан кетуі мүмкін.

Командаға бас бапкер мәселесі 4 тамыз күні толық шешілетіні туралы мәлімет берілді.