ҚФФ Самат Смақовқа жаза қолданды

kff.kz
2025 жылғы 29 шілдеде Қазақстан футбол федерациясының Бақылау, тәртіптік және этика жөніндегі комитетінің отырысы өтті, деп хабарлайды Bassport.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комитет бірқатар шешімдер қабылдады. Олардың ішінде ең көп назар аудартқаны — «Жетісу» клубының бас бапкері Самат Смақовқа қатысты жаза.
ҚФФ этика кодексінің 6-бөлімінің 23-тармағы мен 15-бөлімінің 48-тармағына сәйкес, Смақов дискредиттеуші сипаттағы мәлімдемелері үшін 100 айлық есептік көрсеткіш (393 200 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Айыппұл 2025 жылдың 29 тамызына дейін төленуі тиіс.
Сондай-ақ, комитет Қазақстан Премьер-Лигасы мен Бірінші лигадағы бірнеше матчқа байланысты қосымша шаралар қабылдады:
• «Қайрат» – «Қайсар»: матчты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін «Қайрат» ескерту алды.
• «Қайсар» – «Қызылжар»: жанкүйерлердің әдепсіз әрекеттері үшін «Қайсар» 235 920 теңге көлемінде айыппұл арқалады. Сонымен қатар, ойын барысында 6 ойыншы ескерту алғаны үшін «Қызылжар» 393 200 теңге айыппұл төлеуге міндеттелді.
• Бірінші лигада: «Онтүстік», «Ertis», «Тараз» секілді клубтар ойыншылардың тәртіпсіз әрекеттері үшін 196 600 теңгеден айыппұл алды.
• «AKAS» – «SD Family»: қауіпті ойын үшін «AKAS» ойыншысы Қалижан Ілясов 2 матчқа шеттетілді.
• «Кайрат-Жастар» – Ertis: диктордың болмауы себепті «Қайрат» ескерту алды.
Барлық айыппұлдар мен жазалар 2025 жылдың 29 тамызына дейін орындалуы тиіс.