Трамп Бразилия азаматтарына виза беруге тыйым салып, оларды 2026 жылғы әлем чемпионатынан шеттетпек

Футбол
РИА Новости
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Бразилия азаматтарына виза беруге тыйым салу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.
CNN Brasil мәліметінше, бұл бастама екі ел арасындағы дипломатиялық шиеленістің салдарынан туындаған. Егер шешім қабылданса, ол 2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты кезеңінде де күшінде болуы ықтимал.
Жақында Вашингтонға ресми сапармен барған Бразилия сенаторлары визалық шектеулердің алғашқы белгілерін байқаған.
Бразилия футбол конфедерациясы бұл жағдайдан хабардар, бірақ әзірге нақты әрекетке көшпей, оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін бақылайтын болады.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.