Қазақстандық клуб тарихта алғаш рет еурокубок турнирінде Словакия клубын ұтты

Almaly
Bassport.kz мәліметінше, қазақстандық клубтар үшін сәтсіз жалғасып келген серияны Алматының «Қайраты» тоқтатты. Лига Чемпиондарының үшінші іріктеу кезеңінде олар Словакияның «Слован» командасынан басым түсті.
Бұған дейін ел клубтары словак командаларымен еурокубоктарда төрт рет кездесіп, барлығында жеңіліс тапқан еді:
• 2002/03 маусымында «Атырау» УЕФА кубогының бірінші айналымында «Матадорға» (0:2) есе жіберді;
• 2005/06 маусымында «Қайрат» Лига Чемпиондарының бірінші раундында «Артмедиядан» (3:4) ұтылды;
• 2011/12 маусымында «Тобыл» ЧЛ-ның екінші іріктеу кезеңінде «Слованнан» (1:3) жеңілді;
• 2021/22 маусымында Конференция лигасының үшінші раундында «Жилина» «Тобылды» ірі есеппен (0:6) ұтты.
Осылайша, «Қайрат» алғаш рет қазақстандық клубтар тарихында словак қарсыласын еурокубокта жеңген команда атанды.