«Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-оффына шығып, 4,29 млн еуро табыс тапты

Футбол
Sportburo.kz
Алматылық «Қайраттың» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алуы — тарихи жетістік қана емес, сонымен қатар клубқа қомақты қаржылай табыс әкелді, деп хабарлайды Bassport.kz.
УЕФА деректеріне сәйкес, бұл нәтиже үшін қазақстандық клуб 4,29 млн еуро (шамамен 2,69 млрд теңге) табысқа ие болды. Бірақ бұл шекті көрсеткіш емес. Егер «Қайрат» Еуропаның басты клубтық турнирінің топтық кезеңіне өтсе, жүлде қоры 18,62 млн еуроға (шамамен 11,7 млрд теңге) дейін өседі.
Мұндай кіріс клубтың дамуына, құрамды күшейтуге және халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға елеулі серпін беруі мүмкін. Сондықтан алдағы шешуші матч — тек спорттық сынақ қана емес, қазақстандық футбол үшін қаржылық серпіліс жасауға үлкен мүмкіндік.