Конор Макгрегор UFC тарихындағы ең сатылымды жекпе-жек шебері атағын бағалады

Коммерсант
37 жастағы әйгілі ирландиялық аралас жекпе-жек шебері, UFC тарихындағы тұңғыш қос чемпион Конор Макгрегор промоушеннің Pay-Per-View (PPV) жүйесінен бас тартуына әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.
Х әлеуметтік желісінде спортшы өзінің сегіз рет қатарынан 1 миллионнан астам PPV сатылымына қол жеткізгенін және жалпы жекпе-жектерінің $13,342 млрд табыс әкелгенін көрсететін инфографиканы жариялады.
«Қош бол, UFC PPV! Өзімді патша сезінемін», – деп жазды Макгрегор.
«Нотариус» лақапатты файтер 1 миллионнан астам PPV сатылған үш бірдей жекпе-жекке ие: Хабиб Нурмагомедов – Конор Макгрегор, Конор Макгрегор – Эдди Альварес және Конор Макгрегор – Дастин Порье 3.
UFC президенті болса, PPV жүйесінің қайта оралуы мүмкін екенін меңзеді. Ұйым Ақ үйде турнир өткізуді жоспарлап отырғанын ескерсек, бұл сценарийдің жүзеге асу ықтималдығы жоғары.