UFC Шанхай: Дияр Нұрғожай алдын ала жекпе-жекке шығады

UFC Шанхай: Дияр Нұрғожай алдын ала жекпе-жекке шығады
Жекпе-жек

Sport Plus Qazaqstan

UFC Шанхай турнирінің басты картасы жарияланды, деп хабарлайды Bassport.kz. Жарыс 23 тамыз күні өтеді.

Қазақстандық жартылай ауыр салмақ өкілі Дияр Нұрғожай (10-1, UFC: 0-1) алдын ала жекпе-жектерде октагонға шығып, қырғыз спортшысы Уран Сатыбалдиевпен (9-1, UFC: 0-1) кездеседі.

Бұл кеште Қытайдан шыққан тағы екі қазақстандық өнер көрсетеді. Жартылай орта салмақта Тайлақ Нұражы (11-1, UFC: дебют) ирландиялық Кифер Кросбиге (10-5, UFC: 0-2) қарсы тұрады. Жеңіл салмақта Мақсат Қайсар (10-4, UFC: 2-3) америкалық Гэйдж Янгпен (9-3, UFC: 0-1) жекпе-жекке шығады.

UFC Fight Night Шанхай қазақстандық жанкүйерлер үшін ыңғайлы уақытта өтеді: турнирдің басталуы – 12:00, ал басты кард 15:00-де басталады (Астана уақытымен). Тайлақ Нұражы дебютін бірден басты кардтың ашылу жекпе-жегінде өткізеді.

Басты кард:

• Жартылай ауыр салмақ: Джонни Уокер (Бразилия) – Чжан Миньян (Қытай)

• Жартылай жеңіл салмақ: Брайан Ортега (АҚШ) – Алджамейн Стерлинг (АҚШ)

• Ауыр салмақ: Сергей Павлович (Ресей) – Уолдо Кортес-Акоста (Доминикана)

• Ең жеңіл салмақ: Су Мудаэржи (Қытай) – Кевин Борхас (Перу)

• Жартылай орта салмақ: Тайлақ Нұражы (Қытай) – Кифер Кросби (Ирландия)

Алдын ала кард:

• Жеңіл салмақ: Мақсат Қайсар (Қытай) – Гэйдж Янг (АҚШ)

• Ең жеңіл салмақ: Лоньер Кавана (Шотландия) – Чарльз Джонсон (АҚШ)

• Жеңіл салмақ: Жу Ронг (Қытай) – Остин Хаббард (АҚШ)

• Орта салмақ: Мишел Перейра (Бразилия) – Кайл Даукаус (АҚШ)

• Жартылай жеңіл салмақ: Чжа И (Қытай) – Уэстин Уилсон (АҚШ)

• Жеңіл салмақ: Сяо Лун (Қытай) – Су Ён Ю (Корея)

• Жартылай ауыр салмақ: Дияр Нұрғожай (Қазақстан) – Уран Сатыбалдиев (Қырғызстан)