“Алтын доп” жүлдесінің финалдық үміткерлер тізімі жарияланды

“Алтын доп” жүлдесінің финалдық үміткерлер тізімі жарияланды
Футбол

Прессбол

Score 90 спорт порталы 2025 жылғы “Алтын доп” жүлдесінің финалдық фавориттер тізімін жариялады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Күткендей, көш басында – Францияның “Пари Сен-Жермен” клубының жұлдызы, маусымның басты серпілісі саналатын Усман Дембеле.

Екінші орында – “Барселонаның” жас талант иесі, бірнеше “ең жас” рекордтарын жаңартқан Ламин Ямаль.

Үздік үштікке күтпеген жерден “Реал” шабуылшысы Килиан Мбаппе кірді. Ол өткен маусымда Еуропаның “Алтын бутса” иегері атанған еді.

Төртінші орында – “Барселонаның” негізгі ойын құрастырушысы Педри Гонсалес, ал бесінші сатыда – “Ливерпуль” форварды, мысырлық Мохаммед Салах.

Айта кетейік, France Football журналы мен УЕФА ұйымдастыратын марапаттау рәсімі 22 қыркүйекте Париждегі “Шатле” театрында өтеді. Бұл кеште басты трофеймен қатар 13 беделді жекелей сыйлық табысталады.