“Лозаннаның” бас бапкері “Астанаға” қарсы ойын алдындағы пікірін айтты

“Лозаннаның” бас бапкері “Астанаға” қарсы ойын алдындағы пікірін айтты
Футбол

Aladop.kz

Швейцариялық “Лозаннаны” Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі жауапты сырт алаңдағы ойын күтіп тұр. Команда 14 тамызда “Астана Аренада” елордалық “Астанаға” қарсы алғашқы матчта алған 3:1 есебіндегі басымдығын қорғауға тырысады. Кездесу жергілікті уақытпен 19:00-де басталады.

Бас бапкер Петер Цайдлер алдағы матч туралы ойымен бөлісті. Оның айтуынша, ұзақ сапар мен алаң жабынына бейімделу командасына кедергі болмайды.

“Сапар жайлы өтті, өйткені біз бизнес-классымен ұштық. Ал алаңға келсек, Швейцарияда біз көбіне жасанды газонда ойнаймыз”, – деді ол.

Маман “Астананың” тәжірибесі мол екенін атап өтті, бірақ бұл шешуші фактор болмайтынын айтты.

“Иә, “Астананың” орта жасы жоғары, бірақ бізде де капитан секілді тәжірибелі ойыншылар бар”, – деді Цайдлер.

Сондай-ақ ол қарсылас құрамын зерттегенін айтып, Карло Бартолец пен Джеффри Чинеду сынды легионерлерді ерекше атап өтті.

Еске салайық, алғашқы ойында “Лозанна” өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.