ПСЖ алғаш рет УЕФА Суперкубогын жеңіп алды

Футбол
Спорт-Экспресс
Париждің ПСЖ клубы тарихқа енді — олар УЕФА Суперкубогын иеленген алғашқы француз командасы атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Финалда «Тоттенхэмге» қарсы ойында париждіктер соңғы бес минутта жеңіліп жатқан еді. Дегенмен, олар есепті теңестіріп, кейін пенальти сериясында жеңісті жұлып алды.
Айта кетейік, ПСЖ мұндай жетістікке 1996 жылы-ақ жетуі мүмкін еді. Сол кезде олар Кубок иегерлері кубогын ұтып, Чемпиондар лигасының жеңімпазы «Ювентуспен» кездескен. Алайда қос ойын қорытындысында туриндіктерге айқын ұтылды (1:6 және 1:3).
Араға шамамен отыз жыл салып, бұл атақ алғаш рет Францияға бұйырды.