«Челси» Диогу Жотаның отбасына 500 мың доллар бөлді

«Челси» Диогу Жотаның отбасына 500 мың доллар бөлді
Футбол

Спорт Шредингера

2025 жылдың шілдесінде клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткеннен кейін лондондық «Челси» сыйақы қоры ретінде шамамен 15,5 миллион доллар (11,4 миллион фунт) алды, деп хабарлайды Bassport.kz.

The Athletic мәліметінше, клубтың ойыншылары мен басшылығы бұл соманың бір бөлігін автокөлік апатында қаза тапқан бұрынғы «Ливерпуль» шабуылшысы Диогу Жота мен оның бауыры Андре Силваның отбасына аударуды ұйғарған. Жалпы қайырымдылық көлемі шамамен 500 мың долларды құрайды. Бұл қадам португалиялық футболшылардың отбасына құрмет пен қолдау көрсету белгісі болды.

Бұл бастама футбол қауымдастығында кең қолдау тапты. Бұған дейін «Ливерпуль» Жотаның келісімшартындағы қалған екі жылдық жалақысын (шамамен 20 миллион доллар) оның отбасына төлеу және 20-нөмірлі жейдені мәңгілікке нөмірден шығару туралы хабарлаған болатын.

Еске сала кетейік, Диогу Жота мен оның бауыры Андре Силва 3 шілдеде Испанияда жол апатынан қаза тапты. Алдын ала деректер бойынша, қайғылы оқиғаға көліктің шинасының жарылуы және одан кейінгі өрт себеп болған.