«Қазақ қонақжайлығы — аңыз емес». «Лозанна» Астанадағы жылы қабылдауға риза болды

Sportburo.kz
Швейцариялық «Лозанна» клубының вице-президенті Винсент Штайнманн Қазақстанда көрген жылы шырайлы қабылдауға тәнті болды, деп жазады Bassport.kz.
Оның айтуынша, Женевадан Астанаға жеті сағаттық сапар жеңіл өтті. Түн ортасында футболшылар, жаттықтырушылар және клуб қызметкерлерінен тұратын (шамамен 50 адам) чартерлік рейс елордаға қонған. Blick басылымының мәліметінше, делегацияны өте достық және ілтипатпен қарсы алған.
— Тіпті қонақүйімізге балалар суреттер мен плакаттар ұстап келді. Бізді өте жақсы қабылдады, бұған толықтай көзім жетті, — деді Штайнманн.
Blick жазғандай, «қазақ қонақжайлығы» бейсенбі күні түскі уақытта өтетін дәстүрлі сый алмасу рәсімі бар ресми дастарханда тағы да көрініс табады. Бірақ, алаңда да осындай достық бола ма? Әсіресе, алғашқы матчтағы «сыйлықтардан» кейін, мысалы, Кали Сененің есепті 2:0 қылған голынан соң, бұл қызық болмақ.
Еске сала кетейік, «Астана» мен «Лозанна» ойыны 14 тамызда «Астана Аренада» өтеді. Басталуы — 19:00. Бірінші кездесуде Швейцарияда алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен еді.