«Астана» «Лозаннаға» қарсы жауап ойынына негізгі құрамын жариялады

«Астана» «Лозаннаға» қарсы жауап ойынына негізгі құрамын жариялады
Футбол

Vesti.kz

Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің жауап матчында «Астана» өз алаңында Швейцарияның «Лозаннасын» қабылдайды, деп хабарлайды Bassport.kz.

Кездесуге қатысатын негізгі құрам белгілі болды:

«Астана»: Сейсен, Бартолец, Казуколовас, Вороговский, Калаица, Томасов, Башич, Эбонг, Камара, Грипши, Чинеду.

«Лозанна»: Летица, Поати, Окох, Дюссен, Муанга, Кустадио, Роч, Соппи, Лекуэйри, Сене, Дьяките.

Ойын Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Тікелей эфир «Qazsport» арнасында көрсетіледі.

Алғашқы матч Лозаннада өтіп, алаң иелері 3:1 есебімен жеңіске жеткен. Қазақстандық клуб сапынан Иван Башич, ал швейцариялық командадан Джейми Роше, Мамаду Кали Сене және Албан Айдини гол соққан.