Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері болуы мүмкін

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан бокс құрамасының бас бапкері болуы мүмкін
Бокс

Спортивная Орда

Қазақстан ұлттық бокс құрамасында елеулі өзгерістер күтілуде. Туризм және спорт министрлігінде бас бапкерді ауыстыру мәселесі қызу талқыланып жатыр.

Қазіргі таңда команданы Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін тағайындалған Қайрат Сәтжанов басқарып отыр. Ол Азия чемпионаты-2024, «Странджа кубогы», Thailand Open және елде өткен Әлем кубогында жақсы нәтижелерге қол жеткізгенімен, сенімді дереккөз мәліметінше, министр Ербол Мырзабосынов бұл қызметке 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевті әкелуді жоспарлап отыр.

Ауыс-түйіс 2025 жылдың қыркүйегінде Ливерпульде өтетін World Boxing әлем чемпионатынан кейін жүзеге асуы мүмкін және нәтиже қандай болса да, Сәрсекбаев ұлттық құраманың тізгінін ұстамақ.

Биыл Бақыт Сәрсекбаев резервтік және жастар (U22) құрамасының бас бапкері атанды. 11 тамызда Бангкокта аяқталған Азия чемпионатында оның шәкірттері 3 алтын, 2 күміс медаль иеленді. Алайда алтын жүлде саны бойынша қазақстандықтар өзбек боксшыларынан екі есе қалып қойды.