Жәнібек Әлімханұлы Канело салмағында қашан жұдырықтасатыны белгілі болды

Жәнібек Әлімханұлы Канело салмағында қашан жұдырықтасатыны белгілі болды
Бокс

ҰОК

Орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша біріктірілген әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (17-0, 12 КО) менеджері Эгис Климас оның алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Bassport.kz.

Климастың айтуынша, Жәнібек екінші орта салмақта (Канело дивизионы) өнер көрсетуге дайын, алайда алдымен орта салмақта барлық белбеулерді жинап, абсолютті чемпион атануды көздейді. Осы мақсатқа жеткен соң ғана жоғары салмаққа көшу жоспарлануда.

Қазір бұл дивизионда мексикалық супержұлдыз Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 КО) барлық белбеудің иегері болып отыр.

Орта салмақта толық коллекцияға жету үшін Әлімханұлына WBC белбеуі (Карлос Адамес, 24-1-1, 18 КО) және WBA титулы (Эрисланди Лара, 31-3-3, 19 КО) қажет. Дегенмен екі боксшы да қазақстандықпен жекпе-жектен бас тартып жүр.

Бұған дейін Жәнібек Адамеспен 22 қарашада Эр-Риядта өтетін «Чемпиондар түні» шоуында кездесуі тиіс еді, бірақ доминикандық боксшы келісімді бұзған.