“Барселона” ішіндегі текетірес: Гавидің мінезі әріптестерін алаңдатып отыр

“Барселона” ішіндегі текетірес: Гавидің мінезі әріптестерін алаңдатып отыр
Футбол

Sport Pulse

«Барселона» клубында Пабло Гавидің соңғы айлардағы әрекеті командаластары арасында наразылық тудырып жатыр, деп хабарлайды Bassport.kz Don Balon басылымына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, жартылай қорғаушы бірнеше әріптесімен, соның ішінде команда көшбасшыларымен де, келіспеушілікке барған. Ең белгілі қақтығыс – Фермин Лопеспен болған жағдай. Даулардың себебі тек ойын барысына қатысты емес, жеке мәселелерден де туындаған.

Жаттығу кезінде Гавидің бар күшін салып ойнауы бапкерлер үшін жақсы қасиет саналса, кейбір ойыншылар үшін бұл жиі сөз таласына ұласып, эмоцияны ушықтырады. Далада да келіспеушіліктер кездесіп тұрады. Клуб ішінде оның мінезіне төзу үшін ерекше сабыр қажет екені айтылады.

«Барса» басшылығы бұл жағдайдың команда атмосферасына кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. Ханс-Дитер Флик араласуы ықтимал. Дегенмен, бас бапкер Гавиге сенім артып, оған өзін көрсетуге мүмкіндік беріп келеді. Соған қарамастан, клуб жартылай қорғаушыны 80 миллион еуроға бағалап, оның трансферін де жоққа шығармай отыр.