Түркістандық жас волейболшылар ел чемпионатында үздік шықты

Түркістандық жас волейболшылар ел чемпионатында үздік шықты
Басқа

2025 жылдың 10-15 тамызы аралығында Алматы қаласында өткен жағажай волейболынан Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының жас спортшылары жоғары нәтиже көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша облыс командасы 1 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

• 2011-2012 жылғы жасөспірімдер арасында Сайрам ауданынан Камилжанов Шахбоз бен Қазығұрт ауданынан Раймқұл Әбілмансұр алтын медаль иеленіп, чемпион атанды.

• Осы жастағы топта Арыс қаласынан Базарбай Бексұлтан мен Әбілбек Нұрсұлтан қола жүлдеге қол жеткізді.

• 2009-2010 жылғы спортшылар арасында Түлкібас ауданынан Елубек Нұржігіт пен Ордабасы ауданынан Султанов Ахмет күміс жүлдені жеңіп алды.

Жасөспірімдер құрамасын облыстың аға жаттықтырушысы Файзулла Мамықов дайындады.